Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысы Атбасар ауданында баланы оңдырмай шымшып алған тәрбиеші жазаланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сотта белгілі болғандай, балабақша тәрбиешісі бес жасар баланы шымшып алып, дене жарақатын салған және денсаулығына жеңіл зиян келтірген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы 1-бөлігі). Айыпталушының кінәсі мойындау айғақтарымен, бала өкілдерінің арызымен, сарапшының көгеру түріндегі баланың дене жарақатын анықтағаны туралы қорытындысымен расталды.
Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін жағдайларды, яғни кінәні мойындау және сотталушының екі кәмелетке толмаған баласының болуын ескерді.
Ал жас балаға қатысты жасаған құқық бұзушылығын ауырлататын жағдай деп таныды. Кәмелетке толмаған жас балалары болғандықтан қамауға алу мүмкін емес. Сол себепті, соттың қаулысымен 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары