29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтбасар қаласында тұратын келіншек тамақ әзірлеймін деп үйін өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде тұратын ол газ плитасында тамақ дайындап жатып, кенеттен үйден шығып кеткен. Алайда плитаның астына сөндіруді ұмыт қалдырған. Алайда пәтер есігі құлыпталып, үйге өздігінен кіре алмаған. Содан дереу ол құтқарушылардан көмек сұраған. Шақырту мекенжайы бойынша шұғыл жеткен төтеншеліктер пәтер есігін арнайы құрал көмегімен ашып, ішке кірген.
Осы ретте Ақмола облыстық ТЖД еске салады:
- дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмаңыз;
- плитаның жанында сүлгілерді, қағазды, қолғаптарды және басқа да жанғыш заттарды ұстамаңыз;
- алдын ала қыздырылған табада ағаш қасықтарды қалдырмаңыз;
- табаны маймен үштен бір бөлігінен артық емес толтырыңыз. Май 350 С жоғары температурада өздігінен тұтануға қабілетті жанғыш сұйықтық;
- табаға дымқыл тағамдарды салмаңыз, қуырар алдында сүлгімен сүртіңіз, бұл майдың шашырауына жол бермейді;
- электр кабельдерін пештен алыс ұстаңыз;
- жанып тұрған майды сумен толтырмаңыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек