Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекGlhynnyl Hylhyr Yzzyghyl. Бұл - кездейсоқ әріптер емес, жаңа туған нәрестеге берілген есім, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Филиппинде жаңа туған шақалаққа ерекше есім беріліп, бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, бұл есімнің үлкен мағынасы бар.
Глиннил Хилгир Иззигыл М. Бускато есімін сәбидің атасы Раугила Феролина Эстрера қойған. Бұл елде де сәбилердің есімдерін үлкендерге қойдырады екен.
Бұл есімді бір апта бойы ойластардым, арасында қателесіп, қайта түзеттім, - деді Раугила.
Бұл әріптердің таңдалуы бекер емес. Олар отбасы мүшелерінің аттарынан таңдалған. Мысалы, анасының есімі Джеральдина екен, оның есімінен G және N әріптері алынған.
Сурет: news18.com
N, Y және L Джеральдинаның әжесінің есімінен алынған. Дауысты дыбыстардың бәрінің орнына Y таңдалыпты, себебі отбасының барлық мүшесінің есімдерінде осы әріп бар болып шықты. Мысалы, үйдегі үш қыздың есімдері - Joralyn, Jeoradyl және Jerrylyl.
Мұндай қиын есім құжат беретін мекеме өкілдерін де біраз әбігерге салған. Алғашында баланың есімі қате жазылып, туу туралы куәлік қайта шығарылған.
Бұл жаңалық әлеуметтік желіде де талқыланып, оның атасының қойған есімін сынап жатқандар көп. Глиннил Хилгир Иззигил деп ат қою баланы мазақ қылғанмен бірдей деп жазып жатыр. Оның алдағы уақытта балабақшаға, сонан соң мектепте баратынын ескерсек, ата-анасы айтуға оңай лақап ат ойластыруы мүмкін.
Осылайша, баласына X Æ A-12 деп ат қойған Илон Масктың өзі шаң қауып қалған секілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?