Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «QAZCONTENT» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат отандық кәсіпкерлікті ілгерілету бағытындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізін қалайды.
Келісім екі ұйымның мүмкіндіктерін біріктіріп, іскерлік коммуникацияларды нығайтуға, қазақстандық өндірушілердің танымалдылығын арттыруға және өңірлердің экономикалық әлеуетін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Күшті әрі бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта кәсіпкерлікті нығайту, отандық өндірісті қолдау және қолайлы іскерлік орта қалыптастыру міндеттерін жүйелі түрде көтеріп келеді. Ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қазақстандық брендтерді ілгерілетуге және экономикалық патриотизмді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл басымдықтарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шараларымен қатар, ашық ақпараттық өзара іс-қимыл да қажет. Экономикалық бастамалар туралы ақпараттың қолжетімді болуы маңызды рөл атқарады. Бұл кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер туралы уақтылы білуге, ал қоғамға отандық өндірістің даму нәтижелерін көруге мүмкіндік береді.
«Атамекен» ҰКП мен QAZCONTENT арасындағы ынтымақтастық кәсіпкерлік қызметті жүйелі түрде ақпараттық сүйемелдеуді, ұлттық өндірушілерді ілгерілетуді және бизнесті дамыту перспективалары жөніндегі мазмұнды қоғамдық пікірталасты қалыптастыруды көздейді.
Меморандумға «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев пен «QAZCONTENT» АҚ басқарма төрағасы Әділ Сейфуллин қол қойды.
Бүгінде кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасап қана қоймай, отандық бизнестің жетістіктері, мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы қоғамды кеңінен хабардар ету де маңызды. Әрбір кәсіпорынның артында адамдар, идеялар, еңбек және нақты нәтижелер тұр. QAZCONTENT-пен ынтымақтастық кәсіпкерлік бастамалардың ақпараттық ауқымын кеңейтуге, табысты жобалар туралы баяндауға және бизнес өкілдерін толғандыратын мәселелерге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді, – деді Жеңіс Тайшытаев.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – өңірлердегі кәсіпкерлікті ілгерілету. Тараптар өндірісті дамытып, жұмыс орындарын ашып, жаңа технологияларды енгізіп, аймақтардың экономикалық өсуіне үлес қосып жүрген компанияларға көбірек назар аударуды жоспарлап отыр.
Мұндай тәсіл өңірлердің мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға, әлеуеті жоғары кәсіпорындарға назар аударуға және қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте ақпараттық күн тәртібінде бизнестің жетістіктерімен қатар, Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін мәселелерді шешу де қамтылады.
Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның BusinessGo және ABConnect жобаларын, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» ұлттық конкурстарын ақпараттық сүйемелдеуге ерекше мән беріледі. Бұл бастамалар отандық өнімдерді ілгерілетуге, кәсіпкерлікті танымал етуге және қазақстандық компаниялардың жетістіктерін мойындауға ықпал етеді.
«QAZCONTENT» АҚ басқарма төрағасы Әділ Сейфуллин бизнесті ақпараттық қолдау экономикалық өзгерістер мен кәсіпкерлерге жасалып жатқан мүмкіндіктерді түсіндіру жұмысының ажырамас бөлігі болуы керектігін атап өтті.
Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік деңгейде үлкен көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау және іскерлік ахуалды нығайту қажеттігін жүйелі түрде атап келеді. QAZCONTENT үшін осы күн тәртібінің кең аудиторияға түсінікті әрі қолжетімді болуы маңызды. Біз тек табысты кәсіпкерлер мен компаниялар туралы баяндап қана қоймай, аудиториямызды бизнеске арналған мүмкіндіктер, өзекті өзгерістер, қолдау шаралары және кәсіпкерлік қоғамдастықты толғандыратын мәселелер туралы да хабардар еткіміз келеді. «Атамекен» палатасымен серіктестік осы бағытта жүйелі жұмыс істеуге, кәсіпкерлер мен сарапшыларды диалогқа тартуға және өңірлік бизнес жобаларын медиакеңістікте кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді, – деді Әділ Сейфуллин.
Келісім салалық қауымдастықтармен және өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен өзара іс-қимылды кеңейтуді де қарастырады. Бұл экономикалық мәселелерді талқылауға түрлі салалардың өкілдерін тартуға, тәжірибе алмасуға және іскерлік қоғамдастықтың бастамаларын республикалық деңгейде таныстыруға мүмкіндік береді.
Келісімдерді жүзеге асыру үшін QAZCONTENT-тің ақпараттық және сараптамалық мүмкіндіктерін пайдалану жоспарланып отыр.
Меморандум бір жыл мерзімге жасалды. Тараптардың өзара келісімі бойынша оның мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Қол қойылған құжат «Атамекен» ҰКП-ның сараптамалық әлеуеті мен QAZCONTENT-тің медиаресурстарын біріктіріп, отандық бизнесті ілгерілетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның экономикалық жетістіктерін кеңінен танытуға бағытталған жүйелі ынтымақтастықтың негізін қалайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?