30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТанымал жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы не үшін ажырасып кеткендерін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, ата-енесі түрлі нәрсе үшін тиісе берген.
Үй салып, ауылдан ата-анамызды әкеліп бірге тұрдық. 1 жасқа толмаған баламен үйде болдым, сосын енем жұмысқа шық деді, айлығыңды қолыма әкеліп отырасың дегенде тала жаздадым. Бермейтінімді айтқаннан бастап, тиісе бастады, - дейді Фариза.
Ол баласы өте агрессивті екенін алға тартады.
Айсұлтанның ашуланып жылағанын жаймен қабылдаймын, бірақ атам әрдайым айқайлап, «оны ұру керек, бұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетеді» деп айтатын, - дейді ол.
Фаризаның сөзінше бір күні атасы екеуін шақырып алып, ажырасыңдар деген.
«Нұрсұлтан, сен өнер адамысың, саған әйел табылады, ажырасыңдар!» деді. Сол кезде енемнің айтқан сөзі: «иә, бұл біресе шашын бояйды, біресе тойға барады, енді бәрін ұмыт, үйде отырасың ешқайда шықпай» деп таңқалдырды. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың?, - дейді Фариза.
Нұрсұлтан Жақсыген бір сұхбатында «Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады» деген еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды