Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«Есіл толқындары» ансамблі Достық үйінің сахнасында «Наурыз – думан» концерттік бағдарламасын ұсынды. Өткен жылдардың белгілі композиторлары: Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Ескендір Хасанғалиевтің және басқа да авторлардың музыкалық классикаға енген және осы күнге дейін танымал әндері шырқалды.
Көрермендер жақында ғана құрылған шығармашылық ұжымды өте жылы қабылдады. Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Есіл толқындары» ансамблінің құрылғанына үш ай ғана. Оның ішінде орыс романсын ерекше шеберлікпен орындаған әншіге шын жүректен құрмет-қошемет білдірген болса, аса белсенді көрермендер танымал вальс әуенімен шыр айнала биледі.
Сонымен қатар, шығармашылық ұжым Наурыз мейрамын мерекелеу шараларына белсенді қатысып, ел арасында танылып келеді. Ансамбль барлық талантымен өнер көрсетіп, ансамбльдің «Есіл–Нұра» әнұранын керемет орындап шықты.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады