Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордадағы «Отан қорғаушы» монументі алаңында өткен іс-шараға 300-ден аса ата-әже қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Барлығы біркелкі ұлттық киіммен шығып, алаңды жайнатып жіберген қариялар қатысқан көріністі Конституция күніне орай Алматы ауданы ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.
Ал көпшілікті отансүйгіштікке шақыратын игілікті іске аудан әкімі аппараты қолдау білдірді.
Іс-шараға ардагерлер кеңесінен 300-ден аса қария қатысты. Жалпы аудан бойынша бүгінде 30 мың ардагер бар.
Былтырғы референдумда бүкіл халық, оның ішінде ардагерлеріміз де қатысып, Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгіздік. Заң Президенттің жаңа Қазақстанды құруға, экономикамызды жаңғыртуға бағытталған. Маңызды іске ардагерлеріміз де белсенді атсалысты. Міне, бүгін сол Конституциямызды қолдау үшін үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Менің риза болатыным – 70-80 жастағы қариялардың белсенділігі. Міне, тойға келгендей жасанып жиналып, көз қуантып тұр, - деді Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасы Марат Мұстафин.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды іс-шара қалада бірінші рет өтіп жатыр. Елордалық ардагерлердің бұл бастамасы Республика бойынша үлгі етуге тұрарлық дейді олар.
Іс-шараға қатысқан «Елорда» халықтық қор жетекшісі, Алматы ардагерлер кеңесі мүшесі Үміт Дүйсенова да осында келген ардагерлердің ішінде өнерпаз да, спортшы да бар екенін, олардың үйде отырып қалмай, осылай көпке үлгі-өнеге болғаны ғанибет екенін атып өтті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?