Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады«Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәлімдеді.
«2021-2022 жылдар аралығында «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативінің басшысы мен менеджерлері инвесторларға Ақтау қаласында жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ жаңа және пайдаланылған автокөліктерді тиімді шарттармен пайызсыз және үстеме төлемсіз бөліп төлеу принципі бойынша сатып алуды ұсынды, бағдарламалар бойынша 25 000 000 теңгеге дейін автокөлік және 50 000 000 теңгеге дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға болатын.
Осылайша, аталған кооператив әрекеттерінде қаржылық пирамида ұйымдастырудың белгілері анықталып отыр» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, анықталған шығын көлемі 50 миллион теңгені құрайды, күдіктілердің мүлкі мен есепшоттарына тыйым салынды.
ҚР ҚПК 201-бапқа сәйкес тергеп-тексеру мүддесiне қатысты өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді