Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚытайда ата-анасы өз ұлын ұлттық емтиханнан жеткілікті балл ала алмағаны үшін үйден қуып шыққан. Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Хунань провинциясында 18 жастағы талапкер Сяокай ұлттық бірыңғай қабылдау емтиханында (гаокао) 750 мүмкін ұпайдың 575-ін жинаған. Бұған ашуланған ата-анасы үйдегі құлыптың кодын өзгертіп, ұлы беделді университетке түсе алмаса, оқу ақысын төлеуден бас тартқан. Айта кетейік, Сяокай мектепте үздік оқушылардың қатарында болған.
Ол бар назарын оқуға саламын деп уәде берген еді, бірақ күнұзақ телефон шұқылап, ойын ойнап жүрді, – дейді әкесі.
Сяокайдың университетке түскен-түспегені шілде айының екінші жартысында белгілі болады.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады