18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылғалы бері 326 мыңнан астам дәріс өткізілді. 3 миллионнан астам ата-анаға жеке кеңес беріліп, көмек көрсетілді. Бұл орталықтарда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуден бастап, жасөспірімдер арасындағы кикілжіңдерді шешуге дейінгі тақырыптар қамтылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ата-аналар арасында «Жеке үлгі арқылы тәрбиелеу» және «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің жауапкершілігі» сабақтары ерекше сұранысқа ие болды. Бұл сабақтарды білікті педагогтер мен психолог мамандары жүргізеді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының бағдарламасын аяқтаған ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, соңғы екі жылда ата-аналардың баласының тәрбиесіне көңіл бөлуі, өміріне араласу белсенділігінің артқаны байқалды:
• 72,6% – күн сайын балаларымен түрлі тақырыпта әңгімелеседі;
• 51,7% – тәрбиелеу тәсілін өзгертуге дайын екенін білдірген;
• 89,6% – балаларының қиындықтарына өзі айтқызбай араласады;
• 78% – баласының араласатын ортасын жақсы таниды;
• 43,3% – балаларымен бірге мәдени іс-шараларға барады;
• 28,6% – баласының білім алуына қатысады, ақпарат пен шешім табуға көмектеседі.
Ата-ана – жай бақылаушы емес, балалық шақтың авторларының бірі. Біздің міндетіміз – оларды осы жолда қолдау. Ата-ана баланың өміріне белсенді араласқанда, тек отбасы атмосферасы ғана емес, сонымен қатар балалық шақтың өзі де қолдау мен сенімге толы кеңістік ретінде қабылданады, – деді «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Елена Сакенова.
Бүгінде команда 2025–2026 оқу жылында іске қосылатын АПҚО бағдарламасының 3.0 жаңартылған нұсқасын әзірлеуде. Жаңа бағдарламада заманауи тәсілдер, цифрлық форматтар және баланың психологилық әл-ауқаты мен эмоциялық интеллектісі тақырыптары кең ауқымда қамтылатын болады.
Айта кетсек, 2023 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтардың басты мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы диалогты күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысуын арттыруға ықпал ету.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр