6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов мен ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев екіжақты келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мақсат - бірлесе отырып ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде ат спортын дамыту мақсатында білім беру бағдарламасын құрастыру.
«Аударыспақ, жамбы ату, көкпар, бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері - ата-бабаларымыз мұра еткен асыл қазына. Атқа міну, шабу – біздің қанымызда бар қасиет. Ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, халықаралық дәрежеде көтеруді қолға алғанымыз жөн. Ат спортын дамыту үшін барынша қызмет етуге Қазақ спорт және туризм академиясы да әрдайым ықыласты», - деді Қайрат Закирьянов.
Алдағы уақытта білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспада тұр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі