13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша асыраушысынан айырылған 176,1 мың адамға жәрдемақы беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 431 млрд теңге жұмсалды.
Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 53,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 35 671 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша 36 800 теңгені құрады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады. Қазақстанда шамамен 176,1 мың адам асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды