23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ұлытау облысында жетімдер үйінен асырап алған балаларға мал бақтырған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотта белгілі болғандай, Садықова 2018 жылы 3 жетім балаға патронат болып, қожалыққа әкеп, мал бақтырған. Балалар өзіне бағынбай, жұмысты сапасыз атқарған жағдайда әйел оларды сабаған.
Садықова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік