23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Сөз басында комиссия хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынғанын еске салып, комиссия қарауына аталған үміткердің атынан қандай құжаттар тапсырылғанын мәлім етті.
«ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады», - деді Мұхтар Ерман.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік