2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған.
Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс