Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыМемлекет басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит аясында Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті, деп хабарлайды El.kz Президент баспасөзіне сілтеме жасап.
Тараптар саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың барысына көңілдері толатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Шарль Мишельді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті тұрақты байланыс орнатуға келісті.
Қазақстан Президенті кездесу соңында Шарль Мишельді елімізге сапармен келуге шақырды.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді