6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың алдағы жекпе-жегі жайлы толық ақпарат жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Sport_kor мәліметінше, оның қарсыласы – аса жеңіл салмақта UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған америкалық Алекс Перес. Айта кетейік, Перес бұған дейін қазақстандық спортшыға ресми түрде жекпе-жекке шақырған.
Айқас 21 қараша күні Дохада өтеді. Бұл – Катар тарихындағы алғашқы UFC турнирі болмақ.
Еске сала кетсек, Асу Алмабаев соңғы рет 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде октагонға шығып, перулік Хосе Очоаны төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңген болатын.
Ал оның қарсыласы, 33 жастағы Алекс Перес, UFC-де 2017 жылдан бері бақ сынап келеді. 2020 жылдың қарашасында ол үш бірдей жеңістен кейін чемпиондық белбеу үшін Дейвесон Фигередомен кездесіп, бірінші раундта «гильотина» тәсілімен жеңіліп қалған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі