Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАсу Алмабаев UFC-дегі жорығын сәтті бастап, елге жеңіспен оралды. Спортшыны туған ауылы дүркіретіп күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асу Алмабаев Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас ауылында дүниеге келген. Асуды жерлестері Жаңатас қаласына кіре берістен күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.
Оқи отырыңыз:
Айтыскер ақындар өлең арнаса, ауылдастары Асуға түйе мен жылқы мінгізді.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов Асу Алмабаевты жеңісімен барша аудан тұрғындары атынан құттықтады.
Сізді Америка Құрама штатында өткен жекпе-жекте еліміздің мерейін асырған жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл күллі еліміздің және ауданымыздың мәртебесін асырған айтулы оқиға болды. Жеңісті күндеріңіз көп болсын. Біз сізді әлі алай биіктерді бағындырды деп сенеміз, – деген аудан басшысы жеңімпаз ұлдың иығына шапан жауып, жерлестерінің атынан түйе мінгізді.
«Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Бұдан кейін аудандық мәслихаттың төрағасы Шаттық Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, «Сарысу ауданының Құрмет грамотасын» табыс етті.
Айта кетейік, Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде ямайкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары