6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерUFC-дегі қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (22-3) тұңғыш рет Катарда өтетін промоушен турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
UFC Eurasia-ның ресми парақшасы хабарлағандай, Алмабаевтың келесі жекпе-жегі 2025 жылдың 22 қарашасында Дохада өтеді. Оның қарсыласы –америкалық тәжірибелі файтер Алекс Перез (25-9) болмақ.
Перезбен кездесу Асу үшін америкалық лигадағы жетінші жекпе-жек болғалы отыр. Бұған дейін ол бес рет жеңіске жетіп, тек бір рет – португалдық Манел Капеге есе жіберген еді.
Соңғы жекпе-жегінде Алмабаев төрешілер шешімімен перулік Хосе Очоадан басым түскен.
Айта кетсек, UFC Fight Night Doha турнирі Катарда алғаш рет ұйымдастырылатын UFC жарысы болмақ. Алмабаев бұл турнирдің басты кард ашылуында октагонға шығады. Сонымен қатар доданың қатысушылары қатарында тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан бар.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Арман Царукян мен Жаңа Зеландия өкілі Дэн Хукердің кездеседі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі