23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Елімізде астық импортына тыйым мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ВАК-тың 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі негізінде «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығы шықты.
Онда 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге тыйым салу ұзартылғаны туралы айтылған.
Сондай-ақ, лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленген.
Осылайша, бидайдың кез-келген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады. Сондай-ақ, енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтынын атап отыр.
Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады және өзектендіреді. Лицензияланған элеваторлардың тізімі арнайы сайт деректеріне сәйкес қалыптастырылады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік