Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Астананың үш ашық алаңында мерекелік концерттер ұйымдастырылып, онда ұлттық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың алты ауданында мұз айдындары, сырғанақтар, безендірілген шыршалар, шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар және т.б. қазірдің өзінде қала тұрғындарының қуанышына айналды.
Отандық эстрада жұлдыздары қалалық алаңда, ЭКСПО халықаралық көрме орталығының алдында және «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда хит әндерін орындап жатыр.
Әншілердің қатарында Алмас Кішкенбаев, Ayree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, «Заман» және «Меломен» топтары, Әділет Жауғашар, Алтыншаш Мұқатаева, Қаракесек және басқа да өнер қайраткерлері бар. Мерекелік концертке кез келген адам қатысып, көңіл көтере алады.
Концерттер түнгі сағат 2-ге дейін өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?