6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАрмения құрамасының 31 жастағы футболшысы Камо Оганесян ресми түрде «Арарат-Армения» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Армения құрамасының қорғаушычы Камо Оганесян «Арарат-Армения» клубына ауысты, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Камо Оганесян футболдағы карьерасын Ереванның «Пюник» клубында бастаған, сонымен қатар белорустың «Торпедо Жодино», қазақстандық «Жетісу», «Қайрат» және «Астана» клубтарында ойнаған.
Камо — Армениядағы атағы көп футболшылардың бірі. Себебі «Пюник» сапында екі рет Армения чемпионатында топ жарып, төрт рет кубокқа иелік еткен. Сондай-ақ «Астана» сапында ел чемпионы атағына қол жеткізсе, «Қайратпен» бірге Қазақстан кубогында үздік шыққан.
Оганесян Армения құрамасында 78 ойын өткізіп, төрт гол соққан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі