2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы Достық үйінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп әжелер арасында «Абиляр, алға!» атты сайысты ұйымдастырып өткізді. Онда Астананың ең белсенді, шығармашыл зейнеткерлері бақтарын сынады.
Байқауға барлығы сегіз әже қатысты. Сынға қатысушыларға алты тапсырманы орындау талабы қойылды: өзін-өзі таныстыру барысында шығармашылық таныту, жүргізушілердің сұрақтарына жауап беру, ұлттық тағам дайындау, музыкалық нөмірін орындау, мүмкіндігінше ойынан шығарылған ертегіні міндетті түрде татар тілінде айтып беру, сондай-ақ, бұл сайысқа немересін қатыстыруға рұқсат берілді.
«Біз әжелердің татар отбасының негізін сақтаушысы ретіндегі рөлін көрсеткіміз келді. Халықаралық әйелдер мерекесі күндері апаларымыздың көңілін көтеріп, шығармашылық қабілеттерінен үлгі алуды жөн көрдік. Олар талай немере өсіріп ,тәрбие берген ардақты аналар емес пе?!», - деп атап өтті «Дуслык» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Гүлназира Сәдуақасова.
Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бойынша достық жеңді. Шығармашылық қабілеттері үшін барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал көңілді және жарқын музыкалық нөмірлерімен өнер көрсеткен «Ялкын» жастар ансамблі, Дамир Утекеев және Рождественка ауылының шығармашылық ұжымы көрермендерге сайыс арасындағы үзілістерде көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, сахна көркін аша түсті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова