23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын қиындататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші жоқ. Осыған байланысты астананың бұрынғы атауы көрсетілген заңды тұлғалардың ресми құжаттары заңды күшін жоғалтпайды және астананың атауын өзгерту оларға құрылтай құжаттарын ауыстыру міндетін жүктемейді - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, астананың атауын өзгерту жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ауыстыру міндеттемелерін жүктемейді.
Мысалы, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту, пайдалануға қабылдау-тапсыру актілері және басқалары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжаттар – туу туралы куәлік, неке/неке бұзу және т.б. Құжаттарда астананың бұрынғы атауын көрсету олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды - дейді министрлік мамандары.
Өз кезегінде, Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерінде Нұр-Сұлтан қаласынан Астана қаласына дейінгі елді мекеннің атауы автоматты түрде өзгертілетін болады.
Құжаттарды өзгерту кезең-кезеңімен, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жоғалған жағдайда жүзеге асырылады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік