30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлорданың туған күні қарсаңында Астанаға ат терлетіп арнайы келген белгілі кондитер Ренат Ағзамов үш метрлік торт пісірді.
Астанада өткен «Интеллектуалды кондитер» семинарына қатысқан жандар үшін кондитерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, Ресей чемпионы, «Ресейдің бас аспазшылары гильдиясы» кеңесінің мүшесі Ренат Ағзамовпен танысу керемет жаңалық болды деуге болады. Ренаттың есімін бүгінде кондитерлікке қатысы бар жандардың көпшілігі жақсы біледі. Соңғы жылдар бедерінде ол үйлену тойларына арналған торттың сан түрін пісірген. Ең қызығы, бұл торттар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Олардың жалпы саны 3 мыңға жетіп жығылады. Кондитер десертке шоколад қосқанды ерекше жақсы көреді екен. Ол өзі әзірлеген тортқа шоколадты велюр жағуды ешқашан ұмытқан емес.
Ренат – Ағзамовтардың аспаздық әулетінің бір мүшесі. Осыдан біршама уақыт бұрын оның ағасы Сочи қаласындағы ең үздік аспаздардың бірі атанған екен.
Әзірлеген – Жансая Төлеген
Сурет: Астана қалалық Мәдениет басқармасы
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды