13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз27 қыркүйек күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында облыстық өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – достық шаңырағы» облыстық форумы өтті.
Аталған шарада облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, облыстық Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері мен ардагерлер ұйымдары, облыстық Сүйінбай атындағы филармониясы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің ҚХА кафедрасы мен ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері қатысты.
Форумда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, жетекші журналистер клубының төрағасы Атсалим Идигов, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті, өзбек ЭМБ белсендісі Суннатилла Камолиддинов, облыстық өзбек этномәдени орталығының төрайымы Аида Алимбердиева сөз сөйледі. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды