Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКүрес түрлерінен Албания астанасы Тиранада өткен олимпиадалық емес салмақ бойынша әлем чемпионатында 72 келіде күміс жүлдеге ие болған Жәмила Бақбергенованы туыстары, достары әуежайда қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасынан 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан атанды. 72 келіде сынға түскен спортшы финалдық белдесуде бірнеше күн бұрын ғана 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында 68 келіде ең үздік атанған жапон спортшысы Ами Ишиге есе жіберді.
Ал финалға дейінгі белдесулерде Жәмила Молдова спортшысы Эмилия Кречуннен, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері чехиялық Адель Ганзличковадан, Азия чемпионы моңғолиялық Болортуяа Зоригтаннан басым түскен болатын.
Лицензиялық турнирлерден кейін, бас бапкеріміз өзімізге жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде кезекті жүлдемді алдым. Барлық қарсыласыммен алғаш рет белдестім. Себебі олардың біршамасы 68 келіден көтерілді. Финалда бапкерімнің нұсқауымен жапон спортшысын күтуім керек еді. Ұпай жағынан алда тұрғанымен, бір ғана қателікпен есе жіберіп қойдым. Күміс медальға да жету оңай болмады. Енді әскерилер арасындағы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындаламын. Жалпы өзімді 72 келіде қолайлы сезінемін. Бойым да, дене бітімім де осы салмаққа сай, - деді Жәмила Бақбергенова.
Айта кетейік, аталған Әлем чемпионатында спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс медальді еншіледі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары