23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстана халқы өмір сүру ұзақтығы бойынша республикада көш бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазіргі уақытта елордада өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр. Бұл туралы қала Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнұр Төлеуова айтты.
Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, әсіресе Астанада туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктер айтарлықтай жақсарған.
Аурушаңдық 21,5%-ға, ал өлім-жітім 6,5%-ға азайды. Инсультті емдеуде госпитальдық өлім-жітім 8%-ға төмендеді, ал ауруханадан шыққаннан кейін үйде бір ай ішінде болатын өлім-жітім 32%-ға азайды. Онкологиялық көмекті ерте анықтау үлесі өсіп келеді: қазіргі таңда аурулардың 34,6%-ы бастапқы кезеңде диагностикалануда, бұл кезде емдеу ең тиімді, – деді ол.
Қалада миокард инфарктісін емдеудегі көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған: барлық пациент ұсынылған 120 минут ішінде тері арқылы коронарлық араласу орталығына жеткізіледі. Сонымен қатар жедел жәрдемнің келу уақыты да қысқартылған – шақырулардың 98,1%-ы 40 минут ішінде орындалуда.
Басқарма өкілі сонымен қатар нәрестелер арасындағы өлім-жітім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістерді де атап өтті. Мысалы, тұқым қуалайтын дамудағы ақаулардан болатын өлім-жітім екі есеге төмендеп, 14-тен 8 жағдайға дейін қысқарды. Сондай-ақ, биыл инфекциялық себептерден болатын өлім-жітім тіркелмеген.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады