6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн анықтауға болады, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының әкімдігі өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде мынадай тәсілдермен алуға мүмкіндік береді:
1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
3. Smart Astana мобильді қосымшасы.
4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.
Азаматты дауыс берудің нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрғылықты жері бойынша, сол сияқты аталған учаскенің аумағында тіркелу фактісі негіз болып саналады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталына жүгіну қажет «азаматтық, көші-қон және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне не «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына.
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу арқылы конституциялық құқығыңызды іске асырыңыз, - делінген хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі