28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордада Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы басталды. Іс-шара Республика күніне, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына және Халықаралық анимация күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ашылу рәсіміне еліміздің шығармашылық мамандықтарында оқитын студенттер, балалар мен ата-аналар, жас суретшілер және киносүйер қауым қатысты.
Аптаның алғашқы көрсетілімінде толықметражды «Алтын адам» анимациялық фильмі ұсынылды. Фильмде ерлік, рух және отаншылдық туралы оқиға баяндалады.
Бес күн ішінде көрерменге қазақстандық аниматорлардың үздік туындылары көрсетіледі. Олардың ішінде «Мұзбалақ», «Ақсақ құлан», «Әмен аға ағашы» және басқа мульфильмдер бар.
Айта кетейік, апталықтың мақсаты – ұлттық анимацияны насихаттау, жас авторларды қолдау және отандық мәдениетке қызығушылықты арттыру.
Барлық көрсетілімдер 20-24 қазан аралығында «Қазақстан» Орталық концерт залында (Мәңгілік ел даңғ., 10/1) өтеді. Кіру тегін.
Басталу уақыты – сағ. 16:00.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?