Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады29 шілде күні Ұлттық ғылыми онкология орталығында өкпенің қатерлі ісіктері профилактикасы және ерте диагностикалау бойынша ашық есік күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған шара 1 тамыз – Дүниежүзілік өкпе обыры күні қарсаңында ұйымдастырылмақ.
Астана қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін онколог, хирург дәрігерлерден тегін жоғары білікті консультация ала алады.
«Біз халықты обыр, қатерлі ісіктердің қаупі мен оның даму факторлары, ерте диагностикалау мүмкіндіктері және өкпе обырын уақтылы анықтау туралы хабардар еткіміз келеді. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, бұрны жасалған медициналық қорытындыларды, клиникалық-зертханалық зерттеулер нәтижелерін ала келіңіз», - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Дәрігерлер консультациясы тек қана алдын ала жазылу арқылы жүреді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары