22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы астаналықтардың автотұраққа 726 миллион теңге төлегенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конституцияның 6-бабына сүйенетін болсақ, еліміздегі жердің иесі – халық. Мемлекет тек қана меншік құқығын жүзеге асырушы, бірақ мемлекет жердің иесімен ақылдаспай-ақ, 2018 жылы қаладағы барлық қоғамдық жерде ақылы автотұрақтар құрды және оны жекеменшік компанияларға беріп тастады. Мысалы, соңғы үш жылдағы мәліметті айтайын. 2021-2024 жылдары астаналықтар ақылы автотұрақтарға 726 миллион ақша төлесе, соның 617 миллионы жекеменшік компаниялардың қалтасына кетті. Яғни, бюджеттен тыс кетті деген сөз. Ақылы автотұрақты құру туралы идеяның авторы кім және оны жекеменшік компанияларға беру туралы шешімнің түбінде тұрған кім? Осы әкімдіктің мамандарымен жұмыс істеген кезде 2025 жылдың 1 маусымына дейін ақылы автотұрақтардың барлығы жекеменшік компаниядан әкімдіктің иелігіне өтеді деген. Ендеше, осы ақылы тұрақтар мемлекеттің меншігіне өткеннен кейін халық қоғамдық жерлерді тегін пайдалануға мүмкіндік ала ма?, - дейді Нартай Аралбайұлы.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, ақылы автотұрақ туралы шешімді әкімдік қабылдаған.
Қазіргі таңда Астана әкімдігі жекеменшік компаниямен келісімшартты бұзу туралы келісімге қол қойды. Алдағы уақытта тек мемлекеттік мекеме осы жұмыспен айналысады. Ақылы тұрақтар көптеген ірі қалаларда халықаралық деңгейде қолданатын механизмнің бірі. Біз де бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Қазіргі таңда қандай нысандардың жанында автотұрақ тегін болуы керек екенін қарастырамыз, - деді Ерсін Өтебаев.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев