Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстаналық тұрғын әлеуметтік желідегі көріпкелге сеніп 250 мың теңге төлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол өзін "көріпкелмін", болашағыңды болжай аламын" деп таныстырып, TikTok әлеуметтік желісі арқылы жарнама таратып, азаматтарды алдап келген.
Күдікті екі түрлі жағдайда алаяқтық әрекет жасаған. Бірінші оқиғада ол бір азаматқа жалған қызмет көрсетемін деп, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жәбірленуші бұл соманы күдіктінің жеке есепшотына аударған, алайда күдікті ақшаны қайтармаған.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Полиция тұрғындарды сақ болуға, күмәнді тұлғалар мен жалған "көріпкелдердің" уәделеріне сенбеуге шақырады. Егер сіз де осы азаматтың әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, дереу полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар