29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАшық НҚА порталында жарияланған Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасына сәйкес, 2023 жылы Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір ҰОС ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 800 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еске салайық, Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес, бір ардагерге 67 АЕК (231 150 теңге) мөлшерінде көмек беріледі. Сәйкесінше, қосымша әлеуметтік көмекті қосқанда әрбір ардагер 1 031 150 теңге көмек алады.
Астана қаласында мұндай 12 ҰОС ардагері бар. Былтыр Астанада әлеуметтік көмек 18 ардагерге берілген болатын.
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесіріне де қосымша 30 мың теңге көмек беріледі. Сәйкесінше, олар 67 950 (37 950 + 30 000) теңге алады.
«Бюджеттің қосымша шығындары 9 630 000 теңгені құрайды» деп жазылған жобаның түсіндірме жазбасында.
Құжат жобасы 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек