Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласы көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-нен астам көкпаршы қатысып, 15 команда құрап, 4 топқа бөлініп сынға түсті. Әр топтан үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алып, ақтық сында бақтарын сынады.
Жеті күнге созылған дүбірлі бәсекеде Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы өз рекордын жаңартып, тағы бір мәрте жеңіске жетіп, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды.
Шымкент қаласының командасы күміс медаль иегері болса, Астана қаласының көкпар командасы Қызылорда облысының көкпаршыларын 3:2 есебімен ұтып, үздік үштіктің қатарынан көрініп, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ, чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен жекпе-жек аттарының сайысы марапатталып, астаналық «Саян» сәйгүлігі чемпион атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ақшалай сыйақысымен марапатталды.
Айта кетейік, бұл дүбірлі дода – Қазақстан чемпионатының тарихындағы 24-ші мәрте ұйымдастырылған ел чемпионаты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары