Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыЕкатеринбург қаласында өткен «Весна Победы» атты бүкілресейлік конкур жарыстары өз мәресіне жетті. Дүбірлі дода отандық шабандоздар үшін табысты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.
«Арғымақ» ат спортық-сауықтыру кешенінің шабандоздары Астананың намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қатысушылар 70-тен 140 см-ге дейінгі биіктіктегі кедергілерді, соның ішінде классикалық маршруттар мен кедергіден секіру кезеңдерін сәтті еңсерді.
Ат спорты федерациясының хабарлауынша, спортшылар жоғары дайындық деңгейін танытқан. Олар қызу бәсекеде 12 алтын, 7 күміс, 4 қола, барлығы 23 жүлде жеңіп алды.
Атап айтқанда, Азамат Хасенов “Мунфери”, “Асуан" және “Изи” тұлпарларымен бақ сынап, 4 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды. Ал Жалғасбек Сулейменқұлов «Лебедь» пен «Форвард» тұлпарларымен 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальға қол жеткізді. Шабандоз Әлішер Манар «Артист» тұлпарымен 4 алтын, 1 күміс иеленді. Ал Сафина Байгужина "Сармат" тұлпарымен 1 алтын, 2 қола медальға, Анель Хасенова «Русская звезда» тұлпарымен қола жүлдеге ие болды.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?