23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстаналық құтқарушылар хоккей турниріндегі жеңістерін Асқар Забикулинге арнады, деп хабарлайды El.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шайбалы хоккейден республикалық турнир құқық қорғау органдары арасында Петропавл қаласында Тәуелсіздік күніне орай өткен. Полиция департаменті мен СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Астана қаласы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің бір-бірімен күш сынасуға шешім қабылдады.
Турнирдің мақсаты – қызметкерлердің дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, хоккейді спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау.
Сайыс нәтижесінде елордалық ТЖМ құтқарушылары жеңіске жетті. Олар жеңісті өрт сөндіру барысында адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушісі Асқар Забикулинге арнады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады