Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮндістанның Гоа штатында өткен пара каратэден Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер мен ата-аналары Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
XXIV Әлем чемпионатында фунакоши каратэге (FSKA) Оңтүстік Африка, Италия, Португалия, Үндістан, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Кения, Малайзия елдерінен интеллект, тірек-қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылардан құралған 6 командадан барлығы 40 спортшы қатысты. Олардың қатарында Астана қаласының бес спортшысы бар. Олар: Ләззат Жүсіпова, Дидар Мұхамеджанов, Рустам Біләлов, Нұржайна Жаннетова және Рүстем Қожахметов.
Байрақты бәсекеде пара каратэнің ката бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен елорданың 5 спортшысы жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақты. Пара каратэден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрамгүл Дукуева Үндістанда өнер көрсеткен шәкірттерімен әрдайым мақтанатынын айтты.
Біз 2019 жылдан бастап пара каратэмен айналысып келеміз, сол кезден бері спортшыларымыз жарыстарда үздік нәтижелер көрсете бастады. Биылғы чемпионатқа қатысқан 40 спортшының барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті, біз спортшыларымызбен мақтанамыз, - деді Мейрамгүл Дукуева.
Осылайша, пара каратэ спортшылары осы жылды Үндістанның Гоа штатында өткен Әлем чемпионатында үздік нәтижемен аяқтады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?