28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордалық полицейлер жүргізген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында Астанада санитарлық талаптарға сай келмейтін, жасырын жұмыс істеген ет өңдеу цехы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру нәтижесінде 47 жастағы азаматтың ет өнімдерін заңсыз жолмен өңдеп, сату мақсатында әрекет еткені белгілі болды.
Полиция мәліметінше, күдікті өндірілген өнімнің көлемін көбейту үшін шамамен бір тонна ірі қара малдың аяқтарын өңдеп, оларды тартылған етке қосқан. Арнайы тексеру кезінде цехтан 1300 мал аяғы, бас сүйегі бар тұтас сойылған дене, шамамен 100 келі ет пен түрлі қалдықтар табылып, тәркіленді.
Барлық тәркіленген өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Бұл әрекеттің заңсыз екені дәлелденген соң, өндіріс иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейлер мұндай өнімдер ветеринарлық бақылаудан өтпегендіктен, тек қылмыстық сипатта ғана емес, адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертті.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?