Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада 31 жастағы тұрғын үйлерге ұрлыққа түсуді кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырған. Алайда әккі ұрыны полицейлер көп ұзамай ұстады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үй ішіне кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Сонымен қатар «Tab» маркалы планшет, «Samsung» маркалы телефонды қолды қылған. Осылайша жалпы құны 1 млн 145 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Күдікті Жанкент көшесінің бойында орналасқан үйлердің біріне де дәл осы әдіспен кіріп, 100 мың теңгені қолды қылған. Ұрлық жасаған уақытта қожайын өзге бөлмеде үй шаруасымен айналысып жүрген.
Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының елорда аумағында жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады