Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАстанадан Ақтауға барған блогер Бекарыс Қошқарбай аялдаған қонақ үйде краннан лай су ағып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ақтауға келсем, суы видеодағыдай... Кешелі бері дым өзгеріс жоқ. Сториске салған едім, мен тоқтаған қонақ үйде ғана емес қала бойынша барлық жерде дәл осы жағдай екен. Осыған да шүкір, кейде мүлдем су болмай қалады деп те жазып жатқандар бар. Айтпақшы, 1 жыл бұрын ғана өмір сүру сапасының ұлттық рейтингі бойынша Ақтауды еліміздегі көшбасшы қала атанған екен. Өмір сүру сапасының ең маңызды көрсеткішінің бірі су емес пе? Ақша бөлінуі бөлініп жатыр. Бірақ, ақша да су секілді ағып жатқандай», - деп жазды блогер.
Ал жазбаның астында ақтаулықтар жарыса пікір қалдырып, бұл мәселенің ұзақ уақыт бойы шешілмей жатқанын жазған.
«Ақтауда көшелерде адам жүретін жолдарды апрель айында шұңқыр қылып қазып қазып тастаған ол әлі тұр жабылмай», «Ақтауда көз ашқалы таза су келмейді. Өмір бойы лас су ағып келеді», «Ақтау суы ішуге жарамсыз! Қайдағы курорт қала, айналайындар, ауыз суды реттесеңдерші», «Ақтауда су мәселесі шешілмей тұр, жаз басталса су тапшы. Қандай әкім келсе де баяғы жартас» деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік