20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорданың Нұра ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі Қырғызстанда өткен Халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
24-28 шілде аралығында Ыстықкөлде өткен «Таланты SUMMER FEST KYRGYZSTAN» атты байқауда биші әжелеріміз халық биі мен классикалық билеу өнерінен сынға түсті.
Қырықтан астам би ұжымдары қатысқан өнер додасында астаналық биші әжелер топ жарып алға шықты. Әр номинация бойынша жеңімпаз атанып, бас жүлде мен І орынды еншіледі. Ыстықкөлде ансамбль ұжымы «Әсемдік», «Биле-биле» және «Экспрессия» билерін қырғызстандық көрерменнің назарына ұсынды.
«Қыздар-ай» ансамблі 62-76 жас аралығындағы биші әжелерден құралған. Оған білікті маман Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.Нұра ауданында «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблінің құрылғанына екі жылдай уақыт болды. Ұжымға зейнет жасындағы 20-дан астам әуесқой биші әжелер аптасына 3 рет жиналып, дайындық жұмыстарын өткізеді. Өнер ұжымының жетекшісі – хореография саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар маман Ирина Николаевна Смағұлова.
Репертуарлары әралуан, халық биі, эстрадалық, классикалық және басқа да билерді билейді. Қырғызстанға Орталығымыздан 11 биші әже барды. Олар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіспен оралды. Зейнеткерлеріміз өнерлерімен қуанта берсін, - деді Орталықтың жетекші маманы Ақсұлу Нұрланова.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?