30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПолицейлер астаналық әйелден жарты келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Астана қаласының полицейлері 57 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол есірткі заттарын сақтады деген күдікке ілінді.
Белгілі болғандай, әйел көпқабатты үйдің кіреберісінде ұсталған. Пәтерді тінту барысында, ол тұратын жатын бөлмеден жедел уәкілдер өсімдік тектес зат салынған 11 орама салынған пакет, ал дәлізден осыған ұқсас зат салынған 6 түйіншек тапқан. Аталған заттардың жалпы салмағы 800 грамнан асады, - делінген мәліметте.
Өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан гашиш есірткі затын тәркіледі. Сараптама нәтижесінде бұл заттың есірткі екені дәлелденді. Аталған азаматша өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке тұтыну үшін сақтағанын айтқан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция азаматтарға есірткі заттарымен жасалған кез келген әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды