Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана тұрғыны зейнеткерлерді алдап, ақшасын жалған банкноттарға алмастырып, сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана Полиция департаментінен мәлімдегендей, 28 жастағы әйел өзін ерікті ретінде таныстырып, зейнеткерлердің сеніміне кірген. Оның құрбандарының бірі - елорданың 84 жастағы тұрғыны. Үйіне кірген ол дәретханаға баруды өтінген, кейін ол бөлмелерді тінтіп, 50 мың теңгені жалған ақшаға айырбастаған. Тағы бір жағдайда, алаяқ азық-түлік сатып алу үшін ақша жинаған 82 жастағы әйелдің 40 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. Одан ұрланған ақша мен жалған банкноттар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, ол қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.
Астана Полиция департаменті азаматтарды абай болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Алаяқтықтың құрбаны болуы мүмкін қарт адамдарға ерекше назар аудару ұсынылады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар