24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыАстаналық арзан бағада жолдама аламын деп алаяққа алданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Есіл аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жастағы елорда тұрғынын алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Тергеу барысында күдіктінің 22 жастағы қала тұрғынының ақшасын алдау арқылы иемденгені анықталды. Ол жәбірленушіге Филиппинге жолдама алып беруге уәде беріп, толық соманы алған. Алайда, өз міндеттемелерін орындамаған күдікті жәбірленушіні алдап, оны жолдамасыз және ақшасыз қалдырған. Жас жігіт бұл туралы полицияға шағымданып, келтірілген шығын 500 мың теңгеден асқаны белгілі болды. Күдікті жауап алу барысында кінәсін мойындап, алынған ақшаны өз қажетіне жұмсағанын айтты.
Оның сөзінше, ол өзінің танысының сенгіштігін пайдаланып, оны әпкесі туристік агенттікте жұмыс істейді деп сендіріп, арзан жолдама алып беретінін уәде еткен. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция азаматтарды мұқият болуға және алаяқтардың құрбанына айналмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?