23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Ұлы дала дүбірі» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз зейнеткерлері этноауылда концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарыарқа ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Кенжеболат Бапишевтің айтуынша, бүгінгі мерекелік іс-шараға ауданан 100 зейнеткер қатысып жатыр.
Көшпенділер ойынының қонақтары мен көрермендеріне арналған концертте зейнеткерлерден құралған «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ сәнқой әжелерден құралған «Kerbez_models» тобы, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі мен «Кел, шырқайық!» тележобасының бас жүлдегерлері «Әдемі» вокалдық ансамблі де көрермен ықыласына бөленді.
Сонымен қатар концерттік іс-шарада 50-ге жуық спортшы ата-әжелер «Айкүне» қазақ гимнастикасын көрермен назарына ұсынды. Қойылымға қазақ гимнастикасының авторы, дәстүрлі түрік медицинасының шебері, ұстаз Абай Баймағамбетов өзі жетекшілік етті.
Одан бөлек, этноауылда қолөнерші әжелер көрмеге өз қолымен жасаған бұйымдарды ұсынды. Ал ерікті зейнеткерлер көшпенділер ойындары кезінде қоғамдық жұмыстарға атсалысып жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік