Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыАстаналық ұрланған мемлекеттік нөмір белгілерін сатқан, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Автокөліктің мемлекеттік нөмірлерін ұрлауды 30 жастағы ер адам ұйымдастырған. Күдікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, орнына “нөмірге қатысты Telegram-ға жаз” деген жазба қалдырған. Ұрланған нөмір үшін автокөлік иелерінен 7-ден 10 мың теңгеге дейін қаржы талап еткен.
Ресей Федерациясының азаматы түнде белгісіз адам Kia Ceed автокөлгінен мемлекеттік нөмірді шешіп алғанын хабарлап, полицияға жүгінді. Аталған көлік Ресейде тіркелген. Қалдырылған жазбада күдікті Telegram арнасының байланыс деректерін көрсетіп, нөмірді қайтару үшін ақша талап еткен.
Түнгі бейнежазбаның кадрларында күдіктінің өз көлігінде автотұраққа кіріп, басқа біреудің көлігінің жанында тоқтап, мемлекеттік нөмірді шешіп алғанын көруге болады. Оған қылмыс жасауға бір жарым минут уақыт кетті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта оның үш мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің ұрлығына қатысы бар екендігі дәлелденді. ҚР ҚК 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыКеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?