10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Қошанов Қазақстан мен Мысырарасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.
Осы уақыт ішінде екі ел арасында тығыз ынтымақтастық орнады. Бұл ең әуелі біздің көшбасшыларымыз – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ерен еңбегінің арқасында деп білемін. Алдағы уақытта да екі ел басшыларының әріптестікті күшейтуге бағытталған жұмысын біз Парламент деңгейінде жалғастыратын боламыз, - деді Мәжіліс төрағасы.
Тараптар екі ел депутаттары достық топтарының жұмысын жандандыруға келісті. Осы орайда Ерлан Қошанов заңнама саласында тәжірибе алмасып, екі елдің шарттық-құқықтық базасын кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.
Өз кезегінде Әбделуахаб Әбделразеқ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды толық қолдайтынын айтты.
Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзит, туризм саласы мен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді