30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанаға бір күнге келсеңіз қайда барар едіңіз? Бәйтерекке көтерілесіз бе, әлде Ұлттық музейге кіресіз бе? Мүмкін, Бас мешіттің сәулетіне тамсанып, кешке Атырау көпірінен күннің батуын тамашаларсыз. Біз елорда қонақтары міндетті түрде көруі тиіс ең танымал 10 орынды жинақтадық. Бұл орындар елорданың сәулеті мен тарихын ғана емес, оның ерекше атмосферасын да сезінуге мүмкіндік береді.
2022 жылы ашылған Республикадағы Бас мешіт бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің бірі саналады.
Көк күмбезі, ақ мәрмәр қабырғалары мен кең ішкі ауласы мыңдаған туристің қызығушылығын тудырып келеді. Мұнда әлемдегі ең үлкен қолмен тоқылған кілемдердің бірі төселген.
📍 Мәңгілік ел даңғылында орналасқан.
Елорданың ең басты символының бірі – Бәйтерек монументі. Биіктігі 97 метр болатын нысан Қазақстан астанасының жаңа дәуірінің белгісі саналады.
Оның жоғарғы панорамалық залынан қаланы алақандағыдай тамашалауға болады.
Мұнда келушілердің көпшілігі Елбасының алақан ізі орналасқан композицияны көру үшін келеді. Бәйтерекке көтерілгенде Астананың заманауи сәулеті мен көрікті көшелері ерекше әсер қалдырады.
📍 Нұржол бульвары, 14 мекен-жайында орналасқан.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды