Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада коммуналдық қызмет бойынша түнгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
13 қараша күні Астанадан 26 мың текше метрден астам қар шығарылып, бұл 2,1 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрады.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 14,3 мың рейс, яғни 181 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 14 қараша күндізгі уақытта Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Ал төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласу қажет.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар